Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында танымал өнер қайраткерлері Мейрамбек Беспаев және Ринат Ғайсинмен бірге түскен суретін жариялап, олардың шығармашылығына жоғары баға берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Соңғы уақытта Кеңес Рақышев парақшаларын қазақ тілінде жүргізіп, мазмұнды жазбаларымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Оның бұл бастамасы өзге де кәсіпкерлерге үлгі болса игі.
«Бүгін қазақ өнерінің майталманы, көптеген танымал әндер мен әуендердің авторы, досым Ринат Ғайсиннің туған күні. Ринат – қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Оны отбасымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз!» – деп жазды кәсіпкер.
Сонымен қатар, ол атаулы күні Ринат Ғайсинмен бірге халықтың сүйіктісі, «Бозторғай» әнімен талайдың жүрегін елжіреткен ерекше дауыс иесі Мейрамбек Беспаевпен кездескенін айтты.
«Мен Мейрамбек Беспаевты ерекше құрметтеймін әрі жақсы көремін», – деп ағынан жарылды Кеңес Рақышев.
Кездесуде кәсіпкер қазақ өнерінің жарқын өкілі, жастар арасында кең танылып келе жатқан Әмремен де жылы лебіз алмасқанын атап өтті.
«Мен үшін қазақ өнерінің орны ерекше. Қазақ өнері – тек ән мен күй, би мен сахналық қойылым ғана емес. Қазақ өнері – өмірдің өзі, тәрбие мен өнегенің қайнар көзі», – деді ол.
Жазбасын қорытындылай келе, Кеңес Рақышев оқырмандарына жылы эмоция сыйлаған досы Ринат Ғайсинді тағы да туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
2026 жылдың наурыз айы халық үшін ерекше жомарт болып, бірнеше ұзақ демалыс күндерін сыйлайды. Оны осы жерден білесіз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

