ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде әуе кемесінің командирі қызметін атқаратын майор Берікболсын Хабиболла аспан төрінде 900 сағаттан астам уақытын өткізген, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әскери авиациядағы алғашқы тәжірибесі Астанадағы ұшқыштарды даярлайтын оқу-техникалық мектебінен басталған. Кейін Алматыдағы Азаматтық авиация академиясында білімін жалғастырып, ұшу өнерін жетілдірген.
Оқу барысында жас ұшқыш шетелдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Латвия, Литва, Эстония, Германия мен Испания сынды мемлекеттерде тәжірибе жинақтады.
– Аспан тәртіп пен сабырды талап етеді. Ұшаққа отырғаннан бастап көкке көтерілгенше ұшақпен біртұтас организмге айналасың. Әрбір ұшу жаңа жауапкершілік жүктейді, – дейді Берікболсын Хабиболла.
Оның кәсіби жолы тек оқу-жаттығулармен шектелмеген. Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі кезінде Берікболсын Президент тапсырмасымен гуманитарлық көмек жеткізген авиациялық экипаждың құрамында болды. Майор апатты аймаққа алты мәрте ұшып, қиын жағдайда ерлік көрсетті.
Төтенше жағдайда танытқан батылдығы үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімі құрылғаннан бері 100 мыңнан астам адам мен 8 миллион тоннадан аса жүкті тасымалдаған.
Берікболсын Хабиболла секілді ұландық ұшқыштар ел қауіпсіздігін сақтап, мемлекеттің әуе қалқанының беріктігін дәлелдеп келеді. Олар қандай жағдайда да ел алдындағы жауапкершілікті абыроймен арқалайды.
Рамазан тек тамақтан ғана тыйылу емес, жан мен тәнді, ой мен істі тазарту кезеңі. Сондықтан әрбір мұсылман оразаның басталуы мен аяқталуында ниетін шын жүректен білдіруі тиіс. Рамазанның дұғаларын осы тұстан табасыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

