Қазақстанның бірқатар өңірінде 21 наурыз күні ауа райы күрт өзгеріп, қолайсыз құбылыстар күтіледі. Синоптиктер бірнеше аймаққа дауылды ескерту жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Мұндай жағдай жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де тұман мен көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнгі және таңғы уақытта жолдарда мұз қатуы ықтимал.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман түссе, күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында тұман күтіледі. Өскеменде де түнгі және таңғы уақытта тұман байқалады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Тараз қаласында да мезгіл-мезгіл тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Орал қаласында да осыған ұқсас жағдай байқалады.
Қарағанды, Қостанай, Абай, Ұлытау және Павлодар облыстарында да тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Кей өңірлерде жол қозғалысы қиындауы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз көктайғақ күтіліп, жел күшейеді. Петропавлда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.
Мамандар тұрғындарды сақ болуға, жолда аса мұқият болуға және ауа райы болжамын ескеруге шақырады.
Ағаштан жиһаз немесе басқа бұйым жасағанда ең маңызды нәрсенің бірі – бөлшектерді дұрыс әрі берік қосу. Қазіргі шеберлер бұл үшін арнайы құрал – роутерді (кескіш құрал) жиі қолданады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







