Көктем мезгілі Қазақстанда өзіне тән құбылмалы мінезін сақтап отыр. Елдің әр өңірінде ауа температурасы әртүрлі болып, жауын-шашын мен жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 22 наурыз күні республика аумағында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте күндіз найзағай ойнауы мүмкін.
Астанада түнде −5…−7°C, күндіз +4…+6°C. Күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, жолдарда көктайғақ сақталады.
Алматыда түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі.
Шымкентте күн жылы болады: түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. Жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Алматы облысында таулы аймақтарда жауын-шашын мен найзағай күтіледі. Қонаевта күн жылы: +18…+20°C.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз, күндіз +16…+21°C дейін жылынады. Талдықорғанда +18…+20°C.
Күн жылы
Түркістан облысында түнде +7…+12°C, күндіз +20…+25°C. Кей жерлерде найзағай болады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз +5…+10°C шамасында болады. Оралда да осындай ауа райы сақталады.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Күндіз +15…+20°C.
Маңғыстау облысында түнде +5…+10°C, күндіз +18…+23°C. Кей жерлерде жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, түнде −1…−3°C, күндіз +5…+7°C.
Қостанай облысында кей жерлерде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын болады. Тұман мен көктайғақ сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жаууы мүмкін, жел күшейеді. Күндіз +2…+7°C.
Павлодар облысында түнде −5…−7°C, күндіз +3…+5°C. Кей жерлерде тұман түседі.
Қарағанды облысында түнде −4…−6°C, күндіз +2…+7°C.
Ұлытау облысында түнде −1…+1°C, күндіз +11…+16°C.
Шығыс Қазақстан облысында түнде −7…−9°C, күндіз +8…+10°C.
Абай облысында түнде −4…−6°C, күндіз +6…+8°C.
Қызылорда облысында күн жылы: түнде +2…+4°C, күндіз +22…+24°C.
Жамбыл облысында түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Синоптиктердің айтуынша, ауа райындағы мұндай күрт өзгерістер көктем мезгіліне тән. Сондықтан тұрғындарға жолда абай болып, ауа райына сай киіну ұсынылады.
Балықты «миға пайдалы тағам» деп бекер айтпайды. Оның құрамында ағзаға аса қажет Омега-3 май қышқылдары бар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







