Көп адам көлікте музыка тыңдағанда дыбыс әлдеқайда сапалы естілетінін байқайды. Бұл тек динамиктердің сапасына ғана емес, бүкіл ортаға байланысты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Заманауи көліктерде дыбыс жүйесіне ерекше мән беріледі. Кейбір модельдерде ондаған динамик орнатылып, кәсіби аудио брендтердің технологиясы қолданылады.
Бірақ негізгі айырмашылық көліктің ішкі кеңістігінде. Көлік салоны жабық, тұрақты орта. Бұл дыбыстың сапалы таралуына мүмкіндік береді.
Біріншіден, дыбыс салон ішіндегі беттерден бірқалыпты шағылады. Яғни дыбыс қайда, қалай таралатыны алдын ала есептелген.
Екіншіден, көлік ішінде арнайы дыбыс жұтатын материалдар қолданылады. Олар сыртқы шуды азайтып, музыканы анық естуге көмектеседі.
Үшіншіден, салонның көлемі шағын. Соның арқасында дыбыс алыстап, әлсіреп кетпейді. Барлық дыбыс тікелей құлаққа жетеді.
Тағы бір маңызды фактор динамиктердің орналасуы. Олар кездейсоқ қойылмайды. Инженерлер әр динамиктің орнын арнайы есептеп, ең жақсы дыбыс беру үшін орналастырады.
Мысалы, кей премиум көліктерде 30-дан астам динамик болады. Олар дыбысты жан-жағынан беріп, концерттегі эффектіні береді. Үйде мұндай дыбысқа жету қиынырақ. Себебі бөлменің формасы, жиһаз, қабырғалар дыбысқа әртүрлі әсер етеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, көлік дайын акустикалық жүйе. Онда бәрі алдын ала ойластырылған. Сондықтан көлікте музыка тыңдау көп адамға ерекше әсер береді.
Автоөлік иелері арасында қозғалтқыш майын толық ауыстырмай, мөлшері азайғанда үстінен май құйып тұрса жеткілікті деген жаңсақ пікір тараған. Бұл жаңсақ пікір екенін ұмытпаңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







