Білікті аспаз мамандар тамақ дайындамас бұрын жуудың қажеті жоқ бірқатар өнімдерді атады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сарапшыларының пікірінше, бұл тізімде ең алдымен шикі балық бар. Мамандардың айтуынша, шикі балықты ағын сумен жуғаннан гөрі, оны дұрыс термиялық өңдеуден өткізген дұрыс.
Сонымен қатар, қызыл етті де жумаған жөн. Өйткені еттің бойындағы бактериялардың бәрін сумен жою мүмкін емес, олардың кейбірі бұлшық ет талшықтарының тереңінде болады. Барлық бактерияны толығымен жоятын жалғыз сенімді тәсіл етті жоғары температурада (85 градустан төмен емес) жақсылап пісіру.
Құс етін де суға шаймастан, бірден дайындауға кіріскен дұрыс. Сарапшылар құс етін жуған адамдардың ас үйіндегі зерттеулерге сүйене отырып, келесідей деректер анықтаған. Шикі тауық етін жуғаннан кейін асүйдегі жуғыштардың 60 пайызынан бактерия табылған. Сондай-ақ, сол раковинада жуылған көкөністердің 26 пайызында зиянды микроорганизмдер болған.
«Құс етін сумен жуу бактерияны жоймайды, керісінше асүй беттеріне және басқа тағамдарға таралу қаупін арттырады. Мұндай бактериялар басқа тағамдарға түсіп, асқазан-ішек инфекциясын тудыруы мүмкін», – дейді мамандар.
Сондай-ақ, мамандар жұмыртқаны да алдын ала жууға кеңес бермейді. Жұмыртқаның сыртында қорғаныш қабаты бар, бұл қабат бактериялардың жұмыртқаға енуіне жол бермейді. Өндірісте жұмыртқаны тазарту барысында осы қорғаныш қабаты бұзылмауы қадағаланады. Үйде жұмыртқаны қатты жуған кезде қабығында микросызаттар пайда болып, сол арқылы бактериялардың жұмыртқа ішіне ену қаупі артады.
«Жұмыртқаны тоңазытқышта бөлек сөреге қойып сақтаңыз, оны тек пісіру алдында ғана жуыңыз», – деп кеңес береді сарапшылар.
Сатып алынған саңырауқұлақты да жууға асықпаған жөн. Алдымен қаптамасын тексеріңіз. Егер қаптамада өнімнің жуылғаны туралы ақпарат болмаса, оны құрғақ немесе дымқыл таза матамен сүртіп, бірден дайындауға кірісе беруге болады. Ал өзіңіз теріп алған саңырауқұлақты міндетті түрде жылы тұзды суға 30 минутқа салып, артынша таза сумен топырағы кеткенше мұқият шайып алу керек.
Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







