Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Таужолы шағынауданының тұрғындары республикалық референдумға ерекше ұйымшылдықпен қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Олар дауыс беру учаскесіне алдын ала өзара келісе отырып, көршілерімен бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасады.
Тұрғындардың айтуынша, маңызды саяси оқиғалар кезінде көршілердің бір-бірімен ақылдасып, бірлесіп шешім қабылдауы елдегі қоғамдық бірлікті, татулық пен сыйластықты арттырады.
– Біз бүгін референдумға көршілерімізбен бірге келіп, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Осындай маңызды оқиғаларға бірлесіп қатысу арқылы көршілік қарым-қатынасымыз да нығая түседі деп ойлаймыз. Елдің болашағы – бәрімізге ортақ, сондықтан әр азамат өз дауысын беруге жауапкершілікпен қарауы тиіс, – дейді Таужолы шағынауданының тұрғындары.
Көршілердің осындай бірлесіп дауыс беруі учаскедегі басқа сайлаушылардың да назарын аударып, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді.
Тұрғындардың мұндай бастамасы азаматтардың өзара сыйластығын нығайтып, қоғамдағы ауызбіршілікке үлес қосып, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетудің жарқын үлгісі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







