Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жиын 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция нормаларын нақты тетіктерге көшіру барысына арналды.
Кеңеске Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.
Мемлекет басшысы осы күні 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын жүзеге асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойылғанын айтты. Жаңа конституция туралы пікірлер? Оның сөзінше, енді заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру үшін ауқымды жұмыс күтіп тұр.
Тоқаев ең алдымен билік тармақтарының жаңа конституциялық тәртіпке сай жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңдарға түзету енгізу қажет екенін атап өтті. Алда жалпы саны алты конституциялық заң қабылданып, өзге заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізетін тағы үш заң әзірленуі тиіс.
Президент Конституцияның күшіне ену мерзімін ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау міндетін қойды. Сондай-ақ заң жобаларын сапалы әрі уақытылы әзірлеу қажеттігін ескертіп, Үкіметке заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді де дер кезінде түзетуді тапсырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







