Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдайды!» атты ауқымды шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараны «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының Әйелдер қанаты «Ақ жол» және «Respublika» партияларының Әйелдер қанаттарымен бірлесіп ұйымдастырды. Қоғам, бизнес, ғылым, білім беру және жастар ұйымдарының 500-ден астам белсенді өкілі бас қосып, Конституцияның жаңа редакциясына енгізілетін өзгерістерге қолдау білдірді.
«Әйелдер жаңа Конституция үшін: бірлік, жауапкершілік, болашақ» ұранымен өткен жиында Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық штабының төрағасы Ерлан Каналимов сөз сөйледі.
– Жаңа Конституцияның өзегінде адам құндылықтары мен тең мүмкіндіктер кепілдігі жатыр. Бұл өзгерістер әйелдерге ғылымнан бастап цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық салада өз әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Әйелдердің белсенді азаматтық ұстанымы – ел жаңғыруының басты тірегі, мемлекеттің болашағына деген сенімді күшейтетін зор күш, – деді Ерлан Каналимов.
Қатысушылар алдағы референдумға белсенді атсалысуға және Конституциядағы ұсынылған өзгерістерді қолдауға шақырды. Олар жаңа Конституцияның әйелдер құқығын нығайтып, елдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне жол ашатынын атап өтті.
Таяуда елордадағы Maqsut Narikbayev University-де алдағы референдумға дайындық аясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өттіү
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







