Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешені аумағында орналасқан тұрғын үй қабырғасына Конституцияға арналған жаңа мурал салынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл ерекше бастама еліміздегі Конституциялық реформаны қолдауға бағытталып, саяси жаңғыру мен әділетті қоғам құрудағы халықтың ортақ ұмтылысын бейнелейді.
Заманауи өнер үлгісімен орындалған муралда азаматтардың бірлігі, заңның үстемдігі мен әділетті қоғамның басты құндылықтары көркем түрде көрсетілген.
Муралдың ашылу рәсімі түркістандық жастардың арнайы ұйымдастырған флешмобымен жалғасты. Жиналған жұрт Конституциялық реформаны қолдайтынын білдіріп, көк аспанға референдум символикасы бар әуе шарларын ұшырды.
Бұл символикалық іс-шара жастардың еліміздің жарқын болашағына сенімі мен ортақ жауапкершілігін айқын көрсеткендей болды. Жиналған көпшілік жаңа Конституцияның әділетті әрі дамыған Қазақстан құрудағы маңызын атап өтіп, референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Жетісай ауданының Үтіртөбе елді мекенінде кәсіби борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта ашылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







