Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сеул қаласының соты экс-президентті 2024 жылдың желтоқсан айында елде төтенше әскери жағдай жариялап, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Сонымен қатар елдің конституциялық құрылымын бұзуға талпынды деп бағалаған. Бұрынғы мемлекет басшысы өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Прокурорлар Юн Сок Ёль үшін өлім жазасын сұраған болатын.
Юн Сок Ёльге тағылған айыптың негізі 2024 жылдың желтоқсанындағы оқиғаларға барып тіреледі. Сол уақытта бюджет мәселесі парламентте үлкен дау тудырып жатқан еді. Осыны сылтау еткен Юн Сок Ёль бір түнде ел аумағында төтенше әскери жағдай енгізді.
Ол мұны оппозиция өкілдерінің «мемлекетке қарсы арандатушылық іс-әрекеттерімен» байланыстырды. Бірақ келесі күні таңертең қоғамда жаппай наразылық басталған соң, президент амалсыз бұл шешімін қайтарып алуға мәжбүр болды. Көп ұзамай парламент депутаттары президентке импичмент жариялап, оның өкілеттігін тоқтатты.
Юн Сок Ёльдің биліктен кеткенінен кейін оған қарсы қозғалған қылмыстық іс жарты жылдан астам уақытқа созылды. Сот отырыстары барысында ондаған куәгер тыңдалып, көптеген құжаттық дәлелдемелер ұсынылды. Сеул соты экс-президенттің әрекеттерін «елдің тұрақтылығы мен конституциялық тәртібіне жасалған ауыр соққы» деп бағалап, ең қатал жазаны тағайындады. Айыптаушы тарап Юнның әрекеті елді азаматтық қақтығысқа ұрындыра жаздағанын, демократияның негізгі қағидаттарын аяқасты еткенін атап өтті.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі Хан Док Су да бұл істе негізгі фигуралардың бірі ретінде танылып, 2025 жылдың қаңтарында 23 жылға сотталған болатын. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол президенттің әскери жағдай енгізу туралы шешіміне заңдық негіз жасап беруге тырысқан. Соттың пікірінше, бұрынғы премьер-министр Юн Сок Ёльдің билікті заңсыз сақтап қалу әрекеттерінде маңызды рөл атқарған.
Бұл экс-президент Юн Сок Ёльдің бірінші жазасы емес. Осыған дейін ол билікті асыра пайдаланғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жаңа үкім өмір бойына түрмеде отыруды қарастырады. Дегенмен, Юн Сок Ёльдің қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды талап етуге ниетті. Олар экс-президентке тағылған айыптар дәлелсіз, саяси астары бар деп есептейді.
Контект
Юн Сок Ёль Оңтүстік Корея тарихындағы өмір бойы жаза арқалаған алғашқы бұрынғы президент емес. Бұған дейін елді басқарған Пак Кын Хе мен Ли Мен Бак та жемқорлық пен билікті асыра пайдалану ісі бойынша ұзақ мерзімдерге сотталған болатын. Олардың істері қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.
Сарапшылар бұл оқиға Оңтүстік Кореядағы демократиялық құндылықтар мен заң үстемдігінің сақталуына қатысты қоғамның ұстанымын айқын көрсетті деп отыр. Сонымен қатар, соттың шешімі елдің саяси тұрақтылығын күшейтуге ықпал етеді деген пікірлер де бар. Әзірге экс-президенттің қорғаушылары үкімге қарсы шағым түсіруге дайындалып жатыр.
Алмас Шөкиннің айтуынша, 2025 жылдың басында елде 5,9 млн автокөлік тіркеуде тұрған. Желтоқсан айының басында көлік саны 5,85 миллионға дейін кеміп кеткен. Бір жылда жүздеген мың жаңа көлік сатып алынып жатқанда, мұндай көрсеткіштің пайда болуы қызық болып тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

