Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) жексенбі күні Израиль мен АҚШ нысандарына қарсы жаңа соққы толқыны басталғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
КСИР мәліметінше Израильдің Тель‑Авив және Беэр‑Шева қалаларындағы әскери нысандарға және Иордания аумағындағы Аль‑Азрак авиабазасына жаңа буын зымырандары қолданған. Sepah News ресми ақпарат ресурсы жариялаған хабарламада аталған соққылар КСИР‑дің аэроғарыш күштері арқылы жүзеге асқаны айтылған.
Мәлімдемеде Аль‑Азрак авиабазасы АҚШ‑тың Таяу Шығыстағы ең ірі әрі белсенді әскери‑әуе базаларының бірі екені және оған бірнеше рет соққы жасалғаны көрсетілген.
КСИР хабарлауынша, Тель‑Авив пен Беэр‑Шевадағы әскери мақсаттағы нысандар «Хейбар» үлгісіндегі зымырандармен атқыланған. Аталған зымырандар аса ауыр оқтұмсықпен жабдықталғаны айтылды.
Корпус бұған дейін «сепаратистік топтардың» позицияларына жоғары дәлдікті зымырандармен соққы бергені айтылған. Сонымен қатар Кувейттегі Кэмп‑Арифджан әскери лагерінде орналасқан америкалық база да нысанаға алынған.
Иран армиясы да жексенбі күні Израильдің Хайфа және Тель‑Авив қалаларындағы нысандарға, Кэмп‑Арифджан базасына соққы жасағанын мәлімдеді.
Еске салсақ, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Тегеран мен Иранның бірқатар қалаларына бірлескен шабуыл жасаған еді. Шабуыл салдарынан елдің жоғарғы жетекшісі Әли Хаменеи қаза тауып, оның отбасы мүшелері, жоғары шенді әскери қолбасшылар және бейбіт тұрғындар арасында да құрбандар болды.
Айтқандай, Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстан кейін Тегеранның ықпал ету аумағы кеңейіп, өңірдегі көптеген елдердегі оқиғаларға әсер ете бастады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







