Ғалымдар ұйқы сапасын арттырудың оңай әрі табиғи жолын тапты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шетелдік зерттеушілер ұйқысыздықтан құтылып, ұйқыны ұзартуға магний мен түймедақ гүлінен алынатын апигенин флавоноидын бірге қолдану жақсы көмектесетінін анықтады. Ғылыми сынақтың нәтижелері Food & Function журналында жарияланды.
Тышқандарға жүргізілген эксперимент магний мен апигениннің қосындысы ұйқы ұзақтығын 44%-ға арттырғанын көрсетті. Қанында кофеин болған жануарларда бұл көрсеткіш 32%-ға, ал жасанды ұйқысыздық кезінде 37%-ға жақсарған.
Ғалымдардың айтуынша, бұл екі затты бірге қолданғанда, олардың тиімділігі бөлек-бөлек қолданудан әлдеқайда жоғары. Зерттеу барысында магний мен апигениннің бірігуі қан мен гипоталамуста қабыну процестерін тудыратын цитокиндердің деңгейін төмендеткен. Гипоталамус мида ұйқы циклін реттейтін маңызды бөлік.
Зерттеушілер бұл сынақ әзірше жануарларға ғана жасалғанын атап өтті. Сондықтан оның адам ағзасына әсері туралы айту әлі ерте. Алайда алынған нәтижелер түймедақты ұйқысыздыққа қарсы әлеуетті табиғи құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Дегенмен бұл жаңалық медициналық ұсынысқа жатпайды. Қандай да бір емді бастамас бұрын маманмен кеңесу қажет.
Рамазан тек тамақтан ғана тыйылу емес, жан мен тәнді, ой мен істі тазарту кезеңі. Сондықтан әрбір мұсылман оразаның басталуы мен аяқталуында ниетін шын жүректен білдіруі тиіс. Рамазанның дұғаларын осы тұстан табасыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

