Ақтау қаласындағы референдум учаскесінде дауыс беру ерекше инновациялық сипат алды. Қалалық Оқушылар сарайында ұйымдастырылған референдумда тұрғындарды қазақтың ұлттық киімін киген гуманоид робот қарсы алып, көпшілік назарын бірден өзіне аударды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дауыс беруге келген қала тұрғындары мен қонақтары роботтың өнерін қызықтап, оны мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Гуманоид робот келгендерді Маңғыстауға тән дәстүрлі қол алысу ишарасымен қарсы алып, халықты Амал мерекесімен құттықтап, тіпті қазақтың ұлттық әуеніне билеп берді. Осылайша, дауыс беру күні ерекше салтанатты әрі есте қаларлықтай көңіл-күй сыйлады.
Қала тұрғындары бұл ерекше инновациялық көріністі жоғары бағалап, ерекше әсер алғанын жасырмады:
– Референдум еліміз үшін аса маңызды күн. Осындай тарихи сәтте ұлттық киімдегі роботтың тұрғындарды қарсы алып, би билегенін көру біз үшін күтпеген жағдай болды. Бұл шынымен де көңілімізді көтеріп, жақсы әсер қалдырды, – деп ой бөлісті тұрғындар.
Айта кетейік, бүгінгі республикалық референдумға орай Маңғыстау облысында барлығы 261 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







