Белгілі әнші Мақпал Жүнісова көпшілік отырған тойда айтқан әзілімен жұртты күлкіге қарық қылды. Өнер иесі танымал әзілкеш әрі асаба Тұрсынбек Қабатовқа қарата тосын тілек айтып, кештің көңіл күйін бір сәтте көтеріп жіберді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Той үстінде сөз алған Мақпал Жүнісова Тұрсынбек Қабатовқа ел күтпеген әзіл аралас тілек жолдаған. Әншінің астарлы да ойнақы сөзі қонақтардың бірден назарын аударып, залда ду күлкі тудырған.
– Тұрсынбекжан, біз сені қатты жақсы көреміз. Бақытты бол! Кіммен болсаң да, қайда жүрсең де бақытты бол. Біріншімен бе, екіншімен бе, үшіншімен бе, тіпті төртіншімен бе – бәрібір, тек бақытты бол, – деді әнші жымиып.
Осы сөзден кейін кеш жүргізіп тұрған Тұрсынбек Қабатовтың сәл тосылып қалғаны байқалғанымен, ол да әзілді көтере біліп, шараны жылы атмосферада жалғастырып әкетті. Қонақтардың да көңілі көтеріліп, тойдың сәні кіре түсті.
Әлеуметтік желіде дәл осы сәт түсірілген видео тез тарап, қызу пікірталас тудырды. Көпшілік Мақпал Жүнісованың тапқырлығын жоғары бағалап, қазақы ортадағы шынайы әзіл мен еркін атмосфераның тойдың шырайын аша түсетінін жазды.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







