Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сәрсенбай Біріккен Араб Әмірлігі үкіметінен ерекше құрмет «алтын визаға» (Golden Visa) алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Алтын виза» (Golden Visa) – БАӘ үкіметінің шетелдік инвесторларға, талантты кәсіпкерлерге, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекті тұлғаларға беретін ұзақ мерзімді, 10 жылдық арнайы резиденттік рұқсаты.
Бұл визаның басты ерекшелігі оның иесіне БАӘ аумағында өмір сүріп, бизнес жүргізуге, еркін жүруге, сондай-ақ тұрақты түрде тұруға рұқсат беретіндігінде. Бұрынғы визалардан айырмашылығы иесі БАӘ-де тұру мерзімін ұзартып отыру үшін демеуші (спонсор) іздеуге міндетті емес.
«Алтын визаны» кімдер ала алады?
Инвесторлар. БАӘ-де 2 млн дирхамнан (шамамен 545 мың АҚШ доллары) астам инвестиция салған азаматтар.
Кәсіпкерлер. Инновациялық жобаларды жүзеге асырып жүрген немесе ірі компаниялардың иелері.
Талантты адамдар. Ғылым, білім, мәдениет, спорт саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтар.
Жоғары білікті мамандар. Белгілі университеттерді бітірген үздік студенттер мен ғалымдар, дәрігерлер, IT-мамандары.
Танымал тұлғалар. Жұлдыздар, өнер адамдары, атақты спортшылар.
Бүгінге дейін бұл визаны әлемдік деңгейдегі танымал тұлғалар, футболшы Криштиану Роналду, теннисші Новак Джокович, актер Шахрукх Хан, кәсіпкер Илон Маск секілді көптеген белгілі адамдар иеленген.
Қазақстандықтар арасында да «алтын визаға» қол жеткізген азаматтар бар. Танымал тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы, кәсіпкер әрі меценат Қайрат Құдайберген және белгілі заңгер Айгүл Орынбек осы визаны иеленген еді. Енді олардың қатарына Марғұлан Сәрсенбай да қосылып отыр.
БАӘ-нің бұл бастамасы ел экономикасына білікті мамандар мен ірі инвесторларды тартуға бағытталған. Сондай-ақ, бұл бағдарлама арқылы БАӘ экономикасы мен инновацияларын одан әрі дамыту көзделген.
Димаш тағы да Қытайды бағындырды! Қазақтың әйгілі әншісі қатысқан Voice Beyond Horizon шоуы 24 сағатта 102 миллион (!) қаралым жинады. Бір тәулікте бүтін бір елді таңғалдыру деген осы шығар!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

