Ресей сыртқы істері Сергей Лавров Иран сыртқы істері Аббас Аракчимен телефон арқылы тілдесіп, АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылын қатаң сынады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Иран тарапының бастамасымен өткен сөйлесуде Аракчи АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылы Иранның ядролық келіссөздерінен толық бас тартуына әкеп соққанын жеткізген. Сондай-ақ, ол жағдайды жедел түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынатынын мәлімдеді.
Ресей министрі Сергей Лавров АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қарулы агрессиясын халықаралық құқықты ашықтан-ашық бұзу деп атады.
Оның айтуынша, шабуылдар аймақтағы ахуалды ушықтырып, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр. Лавров шабуылдарды дереу тоқтатуға және шиеленісті саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.
Сонымен қатар, Лавров Мәскеудің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иран дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге барлық күшін жұмсайтынын, халықаралық құқық пен тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға дайын екенін білдірді.
Иран тарапы Мәскеудің осындай қиын сәттегі табанды қолдауына ризашылығын жеткізген екен. Трамп неге Тегеранға тап берді? Толығырақ осы тұста.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







