Алматыда «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев төбелеске қатысты деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиға Медеу ауданында орналасқан көңіл көтеру мекемесінің маңында болған. Полиция мәліметінше, ішімдік ішкен екі азамат – М. және Р. мекемеден шығып бара жатып, басқа топтағы ер азаматтармен сөзге келіп қалған. Ақыры дау ұлғайып, соңы жанжалға ұласқан. Тәртіп сақшыларының дерегінде, қарсы тарапқа айтылған дөрекі сөздер кикілжіңді күшейтіп жіберген.
Жанжалға қатысқандар түгел ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті.
Айта кетейік, Әсет Матаев пен агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов өткен жылдың желтоқсанында да тергеуге ілінген еді. Ол кезде адвокаттар істің заңсыз қозғалғанын айтып, агенттік басшылығы жағдайды «сөз бостандығына жасалған қысым» деп атаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







