Еліміздегі стерильді медициналық комплектілерді өндіру саласында көшбасшы саналатын Dolce компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын толықтай қолдайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
1998 жылдан бері медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан кәсіпорында бүгінде 350-ден астам маман еңбек етіп жүр.
Компания қызметкерлері мен басшылығының пікірінше, Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум – әрбір азамат үшін елдің жарқын болашағы жолындағы жауапты таңдау. Ұжым мүшелері жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары әділеттілік, тұрақтылық және келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік қағидаттары ел дамуына берік әрі сенімді іргетас болатынына сенім білдірді.
– Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы біз мемлекетіміздің демократиялық негіздерін одан әрі нығайтып, әлеуметтік әділеттілікке бағытталған реформалардың іске асуына жол ашамыз. Бұл қадам еліміздегі саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ әр азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға септігін тигізеді, – дейді компания ұжымы.
Компания өкілдері аталған реформаларды қолдай отырып, әр азаматты референдумға белсене қатысып, ел дамуына үлес қосуға шақырады. Dolce компаниясының мамандары алдағы уақытта да мемлекетіміздің өркендеуіне өз салалары арқылы үлес қоса беретінін жеткізді.
Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтарға дауыс беру тәртібін халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріп жатқандарын тілшімізге әңгімелеп берген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







