Әнші Мейрамбек Бесбаев Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованы туған күнімен ерекше құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші бала кезінде Мақпал Жүнісовамен бірге түскен суретін жариялап, оған арнаған өлең жолдарын оқырманмен бөлісті.
«Мақтаулы Мақпал,
Тәтті әнді Мақпал!
Тербеткен ән боп,
Бақтарды Мақпал!
Ақжүрек Мақпал,
Ән – жүрек Мақпал!
Ел үшін туған,
Елжіреп Мақпал!
Тағдырлы Мақпал,
Ән-жырлы Мақпал!
Сахна сәні,
Сан қырлы Мақпал!
Нәзік үн Мақпал,
Сазы – мұң Мақпал!
Әніңмен егіз,
Әзілің Мақпал!
Күлкің-ай, Мақпал,
Шіркін-ай, Мақпал!
Сақтасын сұқтан,
Бір Құдай, Мақпал!
Әпкетайым, туған күніңізбен!» – деп жазды Мейрамбек Бесбаев.
Айта кетейік, әнші Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері және халықаралық конкурстардың лауреаты.
Айтпақшы, танымал блогер Қайсар Хамзаға Қаржы мониторингі агенттігі іздеу жариялапты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

