Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жасады хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңілдетілген декларация, бөлшек сауда салығы және тіркелген шегерім режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер қолданатын салық режимі туралы хабарлама тапсыруы керек.
Комитеттің хабарлауынша, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жалғастыру үшін хабарламаны 2026 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында тапсыру қажет. Бұл өтпелі кезең.
Хабарлама тапсырған кәсіпкерлер аталған режимді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданатын болып есептеледі.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап хабарламаны бірнеше тәсілмен жолдауға болады:
Салық төлеушінің кабинетінде (ИСНА) ЭЦҚ арқылы: «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама» бөлімі арқылы;
- E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
- Ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
- Қағаз түрінде жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармасында.
Комитет хабарламаны қалай тапсыру керектігі туралы қадамдық нұсқаулықпен жаңа Салық төлеушінің кабинетіне push-хабарлама жіберетінін атап өтті.
«Егер өтпелі кезеңде режимді таңдамасаңыз немесе хабарлама тапсырмасаңыз, сіз автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстырылуыңыз мүмкін. Сондықтан алдын ала қолайлы режимді таңдап, хабарламаны уақтылы тапсыруға шақырамыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің call-орталықтары мен мамандары түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді», – деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді аударымдарға бақылаудың жаңа критерийі енгізілетіні туралы хабарланған болатын.

