Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстандағы ет бағасына қатысты пікір білдіріп, елдегі ішкі нарықтың әділ бағасын атады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, мал шаруашылығын қарқынды дамыту үшін фермерлер жоғары экспорттық бағаға ұмтылады. Өндірушілердің есебінше, еттің келісі кем дегенде 10–12 мың теңге болуы тиіс. Алайда қазір нақты экспорттық баға санатына және малдың қоңдылығына қарай 4,5–6 мың теңгені құрайды.
«Бүгінгі ішкі нарықтағы тірі салмақтағы баға 1600–1800 теңге аралығында. Баға тіпті біршама төмендеген: бұған дейін 2000 теңгеге дейін жеткен болса, қазір орта есеппен 1700 теңге шамасында», – деді министр.
Сапаровтың сөзінше, қазіргі жағдайда ел ішіндегі көтерме ет бағасының әділетті көрсеткіші 3000–4000 теңге деңгейінде болуы керек.
Осыған дейін TURAN мал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаев еттің бағасы 12 мың теңге болуы керек деген пікір білдірген. Шаруаның сөзінше, базардағы баға төмен болған сайын халық қуануы мүмкін, бірақ оның зардабы тереңде жатыр.
«Сиыр еті кемі 10-12 мың теңге, қой еті 7,5 мыңға жуық, ал жылқы етінің бағасы бүгінгіден кем дегенде 15 пайызға жоғары болуы тиіс», -деген тұғын Кенжебаев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

