Қазақстандықтар 2026 жылғы көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс. Алайда мопед иелері салық төлеуге міндетті ме, жоқ па, бұл мәселе көпшілікті толғандырып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстанда заң бойынша тіркелген және есепке алынған барлық көлік құралдарына салық салынады. Бұған А және А1 санатындағы көліктер де жатады. Салық кодексінің 565-бабында мотоцикл, мотороллер, мотошана және шағын су көліктері үшін қозғалтқыш қуатына қарай салық мөлшері бекітілген:
қуаты 55 кВт (75 ат күшіне дейін) – 1 АЕК;
қуаты 55 кВт (75 ат күшінен асатындар) – 10 АЕК.
Дегенмен, аталған тізімде «мопед» деген ұғым жоқ. Бұл мәселені нақтылау үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінген мамандар мынадай жауап алды:
«Мопед» ұғымы Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңының 1-бабының 41-тармағында ғана көрсетілген. Осы заңға сәйкес, мопед дегеніміз – қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын, максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейінгі екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы.
Мопед иелері көлік салығын төлейді
Алайда салық салу тұрғысынан мопедті нақты бір көлік санатына жатқызу мүмкін болмағандықтан, Комитет өкілдері мопедтер үшін әзірге көлік салығы қарастырылмағанын ресми түрде мәлімдеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, Қазақстанда мопед иелері көлік салығын төлеуге міндетті емес.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу тәртібіне де бірқатар өзгерістер енгізілген.
Мысалы, пайдаланылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін уақыт өткен жеңіл көліктер үшін 0,7 төмендетілген коэффициенті, ал 20 жылдан асқан көліктер үшін 0,5 коэффициенті қолданылады. Бұл өзгерістердің әсері 2026 жылдың салығын есептегенде (2027 жылы) белгілі болады.
Сондай-ақ, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, Қазақстанда 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін өндірілген немесе сол күннен кейін елге әкелінген жеңіл автокөліктерге арналған жеке салық мөлшерлемесі жойылды.
Шаруа және фермер қожалықтарына бір-бір пикап көлігі үшін салық төлемеу мүмкіндігі берілді.
Жаңа ережелер бойынша көлік құралдарының санаты тек тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметке (А, В, С немесе D) сәйкес анықталады.
Сондай-ақ, салықтық есеп беру формаларын қысқарту мақсатында көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеп тапсыру міндеті алынып тасталды.
Сонымен қатар, көлік салығынан босатылған азаматтар да бар. Олар:
ардагерлер;
«Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері;
«Отан» орденімен марапатталғандар;
көпбалалы аналар («Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері);
мүгедектігі бар адамдар.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің салық калькуляторында болған ақауларға байланысты ескі көліктерге арналған жеңілдіктерді есептеу кезінде бірқатар қиындықтар туындаған болатын.
Автокөлігіңіздің алдыңғы панелінде, әйнекке жақын орналасқан, кішкентай, қара түсті дөңгелек датчикті байқадыңыз ба? Көп адам бұл қандай да бір камера немесе навигациялық құрылғы деп ойлайды. Бірақ бұл шын мәнінде «күн сәулесінің датчигі» (Solar Load Sensor) деп аталатын ерекше құрылғы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







