Қытайдың DroidUp компаниясы жасаған Моя атты жаңа гуманоид робот өзінің шынайы жүрісімен, адамға ұқсас көзқарасымен және мимикасымен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шанхайда алғаш рет таныстырылған бұл роботтың адам тәрізді табиғи қозғалыстары әлеуметтік желілерде тез тарап, көрермендердің қызығушылығын оятты.
Моя әлемдегі алғашқы толық биомиметикалық жасанды интеллект роботы ретінде сипатталады. Бұл роботтың ерекшелігі «воплощенный жасанды интеллект» технологиясына негізделгендігінде. Яғни, робот нақты ортада адамдармен шынайы қарым-қатынасқа түсіп, қоршаған ортаны сезініп, адамдармен өзара әрекеттесе алады.
South China Morning Post жариялаған видеороликтерде Моя адамның күнделікті өміріндегі әрекеттерді сәтті қайталайды. Бұдан басқа күлімдеп, басын изейді, адамдармен көз байланысын орнатады. Сондай-ақ, робот адамға тән шағын мимикаларды да көрсете алады. Бұл қабілеттер оны бүгінге дейін жасалған ең шынайы гуманоид роботтардың бірі етуде.
Мояның бойы 1,65 метр, салмағы 32 кг, бұл көрсеткіштер ересек адамның дене бітімімен сәйкес келеді. DroidUp компаниясы роботтың дене температурасын 32-36 градус Цельсий аралығында ұстап, адаммен байланыс кезінде оның шынайылығын арттырған. Сонымен қатар, роботтың жүріс дәлдігі 92%-ға дейін жетеді, бұл оның қозғалыстарының табиғилығын одан сайын жақсартады.
Роботтың құрылымы модульдік негізде жасалған, яғни оның сыртқы келбетін ішкі құрылымына әсер етпей өзгертуге болады. Бұл ерекшелік Мояның түрлі жағдайларға тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
DroidUp компаниясының айтуынша, Моя тек үй жағдайына ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және адамдармен тікелей қарым-қатынас маңызды болып саналатын басқа да салаларда қолданылуы мүмкін.
Робот өндірістік міндеттерге немесе жылдамдықты қажет ететін жұмысқа арналмаған. Ол ұзақ мерзімді, адамдармен тығыз қарым-қатынас қажет болатын салаларға бейімделген.
Мояның сатылымы 2026 жылдың соңына жоспарланған. Алдын ала бағасы шамамен 1,2 миллион юань (185 000 АҚШ доллары). Дегенмен, нақты баға және нарыққа шығу уақыты туралы DroidUp компаниясы әзірге ресми мәлімет бермеді. Қазірдің өзінде бұл роботтың болашақ нарыққа шығуы көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







