Шындықтың шырақшысы атанған ақын Мұхтар Шахановпен болған бір сәттік жүздесу жүрекке салмақ салатын ой қалдырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Еркежан Қаратайқызы есімді оқырманы Алматыдан аттанар алдында ақынның өзіне арнайы барып, амандасып, батасын алған.
Кездесу қысқа болғанымен, әсері терең. «Балаша қуана қараған жанар солғын тартқан жүзіндегі әжімді жасыра алмады» дейді оқырманы. Ақынның қатты арықтап кеткенін көру көңілді талайдың күйзелткені анық.
– Ақын жанардың түбінде айтылмаған өкініш жас болып тамуға шақ тұрғанын сездім. Бірақ ол сыр ашпады. Әдеттегідей өз биігінде қалды. Өзі жиі айтатын «Шындық биігінде», – дейді Еркежан Қаратайқызы.
Айтылар сөз көп болғанымен, үнсіздік басым түскені көрініп тұр. Кейде іште туған көрікті ойды сөзге айналдырудың өзі артық секілді.
Осындай сәттерде бір ғана тұжырым анық аңғарылады. Алыптарды көзі тірісінде қадірлеу керек. Өйткені тірі кезде айтылған жылы сөз, көрсетілген құрмет кейінгі өкініштің алдын алатын ең үлкен сауап іс екені анық.
Қоғам белсендісі Абзал Достияров Қазақстан Жазушылар одағына қатысты өз ұстанымын қайта қарап, көпшіліктен «одақтан кешірім сұрайын ба?» деп сұрап жүр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

