«Қазгидромет» 27 наурыз, жұма күнгі ауа райына арналған болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық әрі жылы болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елдің батыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ сақталады.
Күндізгі ауа температурасы батыс және солтүстік-батыста 15-25 градус, солтүстік және шығыс облыстарда 10-17 градус, орталық аймақтарда 13-24 градус аралығында жылы болады. Елдің оңтүстігінде күн күрт жылынып, 21-30 градус, ал оңтүстік-шығыста 18-27 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аудандарда ауа температурасы 10-15 градус жылы болады.
Абай облысының солтүстігінде түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып, көктайғақ орын алуы ықтимал. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде -3 пен +2 градус аралығында, шығысында -7 градус суық болады. Күндіз 8-13 градус, облыстың оңтүстігінде 17 градусқа дейін жылынады.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында күн жауын-шашынсыз болады. Бірақ кейбір аудандарда түнгі уақытта тұман мен көктайғақ байқалуы мүмкін. Күндізгі ауа температурасы аталған өңірлерде 9-дан 23 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде аздап жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндізгі температура 13-25 градус жылы болады.
Алматы және Жетісу облыстарында күн ашық болады, бірақ шығыс бөлігінде жел күшейеді. Алматы облысында ауа температурасы күндіз 20-25 градус, Жетісуда 18-23 градус шамасында болады.
Жамбыл мен Қызылорда облыстарында күн ашық, бірақ қатты жел тұрып, кей аудандарда шаңды дауыл соғады. Күндізгі температура Жамбылда 21-26 градус, Қызылордада 25-30 градусқа жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ауа температурасы күндіз 25-30 градус жылы болады.
Түркістан облысында таулы аудандарда қысқамерзімді жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндізгі температура 24-29 градус аралығында болады.
Еліміздің ірі қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Астанада түнде -2…-4 градус, күндіз 9-11 градус жылы болады. Алматыда күн жылы, күндіз 22-24 градус. Шымкентте күндізгі температура 26-28 градусқа дейін көтеріледі.
Холестерин туралы көптеген адамдарда қате түсінік қалыптасқан. Біреулер оны толығымен зиянды деп санаса, енді біреулер оның маңызына жеткілікті көңіл бөлмейді. Анығын біздің тілшілер жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







