Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе байланысы жанданады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы мен Баку арасында тікелей рейстер қайта ашылып, рейстер саны да айтарлықтай көбеймек.
Air Astana компаниясы 15 наурыздан бастап Алматы – Баку бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосады. Наурыз айында рейстер аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
Ал сәуірде аптасына үш рет, мамырдан бастап төрт рет — дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшады.
Әуе компаниясының хабарлауынша, жаңа кесте бойынша ұшу және қону уақыты күндізгі мезгілге қойылған. Бұл жолаушыларға әсіресе көктемгі мерекелер кезінде ыңғайлы болмақ.
Сонымен қатар…
Атырау мен Баку арасындағы рейстер жиілігі де артады. 18 наурыздан бастап осы бағыт бойынша аптасына үш рейс орындалады. Наурыз айында дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, сәуірден бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.
Алматы – Баку бағытындағы рейс ұзақтығы 3 сағат 35 минут болса, Атыраудан ұшу уақыты 1 сағат 25 минут қана. Осылайша Атыраудан Бакуге бағытталған әуе қатынасы Қазақстанның батыс өңірі тұрғындары үшін ең қысқа халықаралық бағыттың бірі болып қала бермек.
Қазақстан азаматтары Әзербайжанға визасыз бара алады, бұл туысқандарға бару, іскерлік кездесулер мен қысқа мерзімді демалыстар үшін өте қолайлы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

