2026 жылғы наурызда қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр. Бұл айдың ерекшелігі мереке күндері демалыспен ұштасып, жұмыс апталарын қысқартады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Халықаралық әйелдер күніне орай, 8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбі, 9 наурызға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн – 7, 8, 9 наурыз күндері демалады. Ал алты күндік режимде жұмыс істейтіндер 7 наурызда жұмыс істеп, 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыздан бастап әдеттегідей жұмыс басталады.
Ал көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады. Ресми түрде демалыс күндері 21-23 наурыз аралығында белгіленген. Алайда 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келгендіктен, демалыстар 24-25 наурыз күндеріне (сейсенбі, сәрсенбі) ауыстырылады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер 21-25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 21-24 наурыз күндері демалып, 25 наурызда жұмысқа шығады.
Жалпы, 2026 жылғы наурыз айы демалыс күндерінің көптігімен ерекшеленіп, қазақстандықтарға отбасымен, жақындарымен уақыт өткізіп, мерекелік көңіл-күйді сезінуге мол мүмкіндік сыйлайды.
Енді мемтапсырыс алған жекеменшік мектептер наурыз айынан бастап жан-жақты тексеріледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

