Синоптиктер 3 наурызға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астана – көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз аздаған қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6…-8, күндіз -3…-5 градус.
Алматы – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде -0…-2, күндіз +2…+4 градус жылы.
Шымкент – көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Температура түнде +1…+3, күндіз +12…+14 градус жылы.
Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде -1…+1, күндіз +10…+12 градус жылы.
Қонаев – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түнде -2…-4, күндіз +2…+4 градус.
Талдықорған – көшпелі бұлтты, түнде кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде -5…-7, күндіз 0…+2 градус жылы.
Қызылорда — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде -9…-11, күндіз +2…+4 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градус жылы.
Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Түнде +1…+3, күндіз +7…+9 градус жылы.
Атырау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 2-7, күндіз 7-12, екпіні 15-18 м/с жел соғады. Түнде -2…-4, күндіз +5…+7 градус жылы.
Қар мен жаңбыр жауады араласып…
Орал – бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -0…-2, күндіз 0…+2 градус жылы.
Ақтөбе – бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -3…-5, күндіз -1…+1 градус.
Қарағанды – көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -10…-12, күндіз -4…-6 градус.
Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде -10…-12, күндіз -1…+1 градус.
Қостанай – көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде -10…-12, күндіз -1…-3 градус.
Көкшетау – көшпелі бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -8…-10, күндіз -5…-7 градус.
Петропавл – көшпелі бұлтты, түнде қар, бұрқасын. Батыстан және солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде -17…-19, күндіз -10…-12 градус.
Павлодар – бұлтты, түнде және таңертең қар, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде -11…-13, күндіз -4…-6 градус.
Семей – бұлтты, қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде -15…-17, күндіз -3…-5 градус.
Өскемен – бұлтты, қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Түнде -13…-15, күндіз -3…-5 градус.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







