ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылдың жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттер талқыланған алқа мәжілісі өтті. Жиында еңбек қатынастары мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы ахуал жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2025 жылы еңбек қатынастарын реттеу және өндірістегі қауіпсіздікті күшейту бағытында жүйелі шаралар қабылданды. Еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізіліп, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді.
Өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар кеңейтіліп, кәсіпорындарда тәуекелдерді бағалау жүйесі жаңартылды. Қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру үшін оқыту, түсіндіру және әдістемелік қолдау шаралары ұйымдастырылды. Әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жауапкершілік нығайтылды.
Мемлекеттік бақылау процестеріне цифрландыру элементтерін енгізу тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік берді. Қабылданған шаралар еңбек құқықтарының сақталуына, өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендеуіне және еңбек дауларының азаюына оң ықпал етті.

Талдау нәтижелері өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, технологиялық тәртіптің бұзылуы және қызметкерлердің жеткілікті деңгейде оқытылмауы екенін көрсетті. Осыған байланысты алдын алу шараларын күшейту, жұмыс орындарындағы қауіп-қатерді жүйелі бағалау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.
2026 жылға арналған мемлекеттік саясат бірнеше бағытқа шоғырланбақ. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және өндірістік тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістерін енгізу басты міндеттердің қатарында. Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі стандарттарын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру көзделген.
Еңбек саласын цифрландыру жалғасып, деректерге негізделген басқару шешімдері енгізіледі. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы ортақ жауапкершілік тетіктері күшейтіледі. Сонымен қатар «Еңбек шарттарының есепке алудың бірыңғай жүйесі» арқылы еңбек шарттарын электронды форматта тіркеу жалғасын табады және кәсіби тәуекелдерді бағалау бойынша бекітілген жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу міндеті қойылды.
«Тұрақты еңбек – қауіпсіз қоғам негізі» қағидасы алдағы кезеңнің басты бағдары ретінде айқындалды. 2026 жылы еңбек саласындағы жұмыс адам өмірі мен денсаулығын қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және тұрақты дамуға бағытталмақ.
Айтқандай, көлігіңіздің тежегіш жүйесі сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі. Жолдағы қауіп-қатердің алдын алу үшін тежегіштің түрлері мен олардың ерекшеліктерін түсіну маңызды екенін тілшілеріміз жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

