Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы мен қажеттілігі жаңа Конституция жобасында ерекше аталған. Аталған өзгеріс билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың қоғам өміріне белсене араласуына жол ашады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа Конституцияға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өңірлік маңызы бар мәселелерді дербес шешуге құқылы болады. Мұндай өзгеріс жергілікті жердегі күрделі мәселелерді жылдам әрі тиімді шешуге септігін тигізбек. Сондай-ақ бұл тәсіл жергілікті билік органдарын халыққа жақындатып, азаматтардың қоғамдық бастамаларға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту демократиялық даму жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осы арқылы билік орталықсызданып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосымша серпін береді. Сонымен қатар, жергілікті қауымдастықтардың жауапкершілігі күшейіп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен түсіністік арта түседі.
Сондықтан Конституциялық реформа аясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды шешім екені анық.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







