Маңғыстау облысында азаматтардың референдум учаскелеріне тіркелу тәртібі түсіндірілді. Өңірде 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында тұрғындарға жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Маңғыстау облыстық референдум комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов азаматтарға өздерінің тіркелген жерінен тыс аумақта дауыс беру тәртібін түсіндірді.
– Егер азамат 15 наурызда өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Осы өтініш негізінде азаматқа есептен шығару куәлігі беріледі. Аталған құжат арқылы азамат референдум күні болатын жеріндегі кез келген учаскеде дауыс бере алады.
Есептен шығару куәлігін өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқасы берілмейді. Бір елді мекен ішіндегі басқа учаскеге ауысу үшін есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескерген жөн, – деді Елубай Әбілов.

Өз референдум учаскеңізді қалай анықтауға болады?
Маңғыстау облысының тұрғындары дауыс беру учаскесін бірнеше тәсіл арқылы біле алады:
ресми веб-сайт арқылы: https://man.saylaw.kz/
Telegram-бот арқылы: https://t.me/man_saylaw_bot
Ақпарат алу үшін ЖСН енгізу қажет.
Сонымен қатар облыс бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін бірыңғай «109» байланыс орталығы жұмыс істейді.
Қосымша call-орталықтар байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):
Ақтау қаласы – 8 (7292) 30 13 38, 8 700 430 13 38
Жаңаөзен қаласы – 8 (72934) 4 86 14
Бейнеу ауданы – 8 (72932) 2 15 76
Қарақия ауданы – 8 (72937) 2 21 91
Маңғыстау ауданы – 8 (72931) 2 14 51
Мұнайлы ауданы – 8 (7292) 30 26 88
Түпқараған ауданы – 8 (72938) 2 22 90
Облыс әкімдігі өңір тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға шақырады. Әр азаматтың дауысы маңызды!
Таяуда «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ұжымы еліміздің жаңа Конституциясын қолдау туралы шешім қабылдағанын тілшілерім жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







