ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушылар, қаламгерлер мен оқырмандар қатысты.
Кездесуде автор өз шығармаларының жазылу тарихына тоқталып, олардың идеялық мән-мағынасын ашып берді. Сондай-ақ, қаламгердің әдебиеттегі өзіндік орны мен шығармашылық қолтаңбасы кеңінен талқыланды.
Кеш барысында жазушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы құттықтау хаты табыс етілді. Қатысушылар өз кезегінде автордың шығармашылығын жоғары бағалап, әдебиетке қосқан үлесі мен жаңашылдық ерекшеліктерін атап өтті.
Жақында Sotheby’s аукционында салмағы 24,5 килограмм тартатын, Марстан келген ең ірі метеорит сынығы 5,3 миллион долларға сатылып, метеориттер арасында жаңа рекорд орнатты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

