Кеген ауданының орталығындағы референдум учаскелерінде таңғы сағаттардан бастап дауыс берушілер легі толастар емес, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған жалпыхалықтық референдумға аудан тұрғындарымен қатар, өңірге белгілі азаматтар да белсенді түрде қатысуда.
Белгілі спортшы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, бүгінде Кеген ауданының әкімі қызметін атқаратын Нұрбақыт Теңізбаев та ел тағдыры үшін маңызды бұл шарадан тыс қалмай, өз дауысын берді. Ол аудан орталығындағы Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №558 референдум учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.
Спортшы бұл референдумның тарихи маңызы зор екенін атап өтті:
«Еліміз үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше. Әр азамат мемлекетіміздің болашағын айқындайтын тарихи сәттен қалыс қалмауы керек. Халық таңдауы арқылы қабылданатын жаңа Конституция – еліміздің жарқын болашағына жасалған маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы құнды», – деді Нұрбақыт Теңізбаев.
Белгілі спортшының айтуынша, нағыз патриот азамат осындай маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуы тиіс. Оның пайымдауынша, бүгін қабылданған шешімдер еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуіне ықпал етпек.
Айта кетейік, Кеген ауданында референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тұрғындар белсенді түрде келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







