Қазақстан спортшылары бүгін Қысқы Олимпиадада бірнеше маңызды жарыстарға қатысады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жанкүйерлер тау шаңғысы, фристайл, биатлон және конькимен жүгіруден отандастарымыздың өнерін тамашалай алады. Жарыстарды Qazsport және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
14:00-де алып слаломда Александра Скороходова өнер көрсетеді, жеңімпаздар 17:30-да анықталады.
14:30-да фристайлшы Павел Колмаков параллельді могул бойынша сынға түседі, финалдық жарыстар 15:46-да аяқталады.
15:15-те биатлоннан 12,5 шақырымдық із кесу жарысына Владислав Киреев қатысады, ал 21:03-те Арина Ильященко мен Кристина Силаева конькимен жүгіруден 500 метрлік қашықтықта бағын сынайды.
Әзірге Қазақстан құрамасында жалғыз алтын медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров иеленді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Бразилия және Ұлыбританиямен бірге 15-17 орындарды бөлісіп тұр.
Бірінші орында Норвегия – 20 медаль (10 алтын), екінші орында Италия – 18 медаль (6 алтын), үшінші орында АҚШ – 17 медаль (5 алтын).
Кәсіпкер, саясаткер Болат Әбілов 1999 жылы серіктесімен «Рамстор» сауда-ойын-сауық орталығын ашқанда Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін жабық мұз айдыны мүлде болмағанын айтты. Сол кезде бұл қала үшін аса қажет әрі сирек кездесетін нысан болыпты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

