Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов көпшілікке ел азаматтары жасаған такси қосымшаларын пайдалануға кеңес берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ол жақында елімізде жасалған отандық такси сервисі Aparu қосымшасын тауып алғанын алға тартты. «Бұрын байқамаппын, ал шын мәнінде ол миллион рет жүктелген екен. Әрине, қосымша авторларын, директорын немесе қызметкерлерін танымаймын. Бірақ елімізде осындай сервис бар болғанына кәдімгідей қуанып қалдым», – дейді білікті маман.
– Артынша ғаламторды ақтарып, елімізде осыған ұқсас тағы бірнеше отандық сервистің бар екенін көрдім. Олардың ішінде Sooncar.kz, Jetem App, Alaman.app, Elim Taxi, Motor Taxi, NomadGo бар екен. Содан соң шетелдік такси қосымшасын ұялы телефонымнан біржола өшірдім. Бұған дейін басқа шетелдік сервистерді қолданған емеспін. Әзірге Aparu қосымшасын пайдаланып жүрмін. Басқа отандық қызметтерді де сынақтан өткізіп көремін, ішінен ең жақсысын таңдаймын. Баршаңызды да осылай істеуге шақырамын, – дейді Олжас Құдайбергенов.
Олжас Құдайбергенов осы жылдан бастап шетелдік сервис қолданудан бас тартатынын алға тартты.
– Егер қандай да бір қызмет түрінің отандық аналогы болса, сөзсіз соны пайдаланамын. Әрине, олардың бастапқы кезеңінде кішігірім қателіктер мен кемшіліктерін кешіруге болады. Бірақ олардың сапасын жақсарту үшін үнемі талап қойып отырамын. Егер қандай да бір қызмет түрінен өзіміздің отандық аналог болмаса ғана, амалсыз шетелдік сервиске жүгінемін, – деді Құдайбергенов.
Президенттің айтуынша, Қаңтардағы трагедияның негізгі картинасын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

