Қазақстандағы танымал супермаркеттер мен онлайн-сервистердегі бағаны салыстырған тұтынушының зерттеуі қызықты нәтижелер көрсетті. Белгілі болғандай, бірдей өнімдерден құралған азық-түлік себетінің бағасы дүкендер арасында 12 мың теңгеге жуық айырмашылықпен сатылуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Салыстыру Magnum, SPAR, Small және Arbuz.kz секілді танымал желілер мен онлайн қызметтер арасында жүргізілді. Азық-түлік себетіне күнделікті жиі қолданылатын негізгі тауарлар кірген: бакалея, сүт өнімдері, ет тағамдары, сусындар, көкөністер және басқа стандартты позициялар.
Бағаның ең қымбат деңгейі Magnum супермаркетінде тіркелген. Kaspi.kz арқылы тапсырыс берілген бір себеттің құны – 37 089 теңге болған.
Ең арзан сауда SPAR супермаркетінде байқалды. Yandex Go қосымшасы арқылы дәл сол тауарлар 25 217 теңгеге алынған.
Small дүкенінде онлайн сатып алу – 28 317 теңгені құрады, ал дәл сол себетті офлайн режимде дүкеннің өзінен сатып алу арзанырақ – 27 526 теңге болды.
Arbuz.kz онлайн-сервисі арқылы себеттің жалпы құны 28 217 теңгені құрады. Бұл бағаға кэшбэк есептелгенін айта кету керек.
Осылайша, ең қымбат Magnum себеті мен ең арзан SPAR себеті арасындағы баға айырмашылығы – 11 872 теңгеге жетті. Бір қызығы, онлайн мен офлайн сауда арасындағы айырмашылықтың өзі шамамен 800 теңгені құрайды.
Бағадағы мұндай айырмашылықтың себептері бірнеше факторға байланысты. Олардың ішінде сауда желілерінің көтерме сатып алу құны мен акцияларының әртүрлілігі, онлайн-платформалардың қызметтік алымдары мен үстеме бағасы, аймақ пен сұранысқа байланысты динамикалық баға саясаты, сондай-ақ жеке жеңілдіктер мен кэшбэктердің болуы ықпал етеді.
Қазақстандықтар азық-түлікті дүкеннен де, онлайн тапсырыспен де жиі сатып алады. Magnum және Small/SPAR секілді ірі сауда желілері қала тұрғындары арасында кең тараған. Онлайн сауданың танымалдығы жыл өткен сайын артып келеді. Kaspi.kz, Yandex Go, Arbuz.kz секілді платформалар уақытты үнемдеуге көмектеседі, сондықтан тұрғындар сауданы ыңғайлылық пен бағаны ескере отырып, екі әдісті де жиі қолданады.
Сарапшылар сауда жасағанда бірнеше маңызды жайтқа назар аударуды ұсынады. Мәселен, жеткізу қызметінің ақысы кейде өнім бағасын қымбаттатуы мүмкін. Дегенмен онлайн кэшбэк пен жеңілдіктер арқылы бағаны едәуір төмендетуге де мүмкіндік бар. Офлайн дүкендерде интернетте кездеспейтін арнайы акциялар болуы мүмкін.
Қорыта келгенде, тиімді баға мен ыңғайлылықты үйлестіру үшін мамандар сатып алмас бұрын бірнеше сервисті салыстырып көруге кеңес береді.
Ұлттық қорға мұнай-газ компанияларынан наурыз айында түскен қаражат көлемі 83 млрд теңгені немесе 175,6 млн долларды құрады. Бұл қор құрылған 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







