Орал қаласының орталығы мен «Ақжайық» шағынауданын жалғайтын стратегиялық маңызды көпірдің құрылысына дайындық жұмыстары басталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа көпір мен автожол құрылысының басталуына арналған салтанатты шарада болашаққа жолданған уақыт капсуласы орнатылды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бұл көпір – қаланың дамуына тың серпін беретін стратегиялық жоба.
– Ақжайық шағынауданы 70 мың адам тұратын заманауи тұрғын алабы ретінде жоспарланған. Барлық инженерлік инфрақұрылым дайын тұр. Сондықтан көпір мен жолдың салынуы тек қолайлылық мәселесі емес, маңызды әлеуметтік-экономикалық қадам болып отыр. Құрылыс осы жылы басталып, 2028 жылы аяқталады, – деді өңір басшысы.
Қазірдің өзінде Зачаган кентінде 80 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың орталыққа қатынасы бір ғана «Динамо» өткеліне тәуелді. Жаңа көпір бұл мәселені толық шешіп, қаланың көлік қозғалысын жеңілдетеді. Әрі шағынаудан халқы көбейгенде, негізгі магистраль ретінде маңызды рөл атқарады.
Техникалық сипаттамаға сәйкес, бірінші санатты автожолдың ұзындығы – 4 шақырым, ал көпір өткелі – 220 метр. Мамандардың болжамынша, бұл көпір тәулігіне 30 мың көлікті өткізе алады. Сондай-ақ, көпір арқылы «Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы» тасжолына тікелей шығуға мүмкіндік туып, өңірдің транзиттік әлеуеті артады.
Қазірдің өзінде «Ақжайық» шағынауданында үш мыңнан аса адам тұрады. Алдағы уақытта мұнда ондаған көпқабатты тұрғын үй мен 60-қа жуық әлеуметтік нысан салынады деп жоспарланған.
Депутат Мұрат Әбенов шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге түбегейлі қарсы шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







