Иран мен АҚШ арасындағы уақытша келісім бір тәулікке де жетпей қайта бұзылды. Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибафтың мәлімдеуінше, Иран ұсынған соғысты аяқтаудың он тармақтық жоспарының үш тармағы бірден бұзылған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұған Израильдің Ливанға жасаған соңғы шабуылы себеп болған. Аталған шабуыл салдарынан кемінде 182 адам қаза тауып, 900-ге жуық адам жарақат алған.
Осы оқиғадан кейін Тегеран Ормуз бұғазындағы кемелердің қозғалысын қайтадан іс жүзінде тоқтатты. Бұл туралы Иранның мемлекеттік Fars агенттігі хабарлады. Бітім кезінде бұғаз арқылы тек екі танкер ғана өтіп үлгерген, ал Иран күніне 10 кемеден ақылы түрде өткізуге ниетті болатын.
Өз кезегінде Вашингтон Ливан аумағына Израильдің шабуылын тоқтатуға қатысты ешқандай уәде бермегенін мәлімдеді. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс The Hill басылымына берген сұхбатында: «Бұл – орынды түсінбеушілік. Иран тарапы атысты тоқтату туралы келісім Ливанды қамтиды деп түсінді, алайда біз мұндай кепілдік берген жоқпыз», – деп атап өтті.
Вице-президенттің айтуынша, Израиль билігі Иранмен арадағы келіссөздер сәтті аяқталуы үшін Ливанға қатысты шабуылдарын шектеуге дайын болған. Бірақ жағдайдың ушығуы бұл жоспарға кедергі келтірді.
Kaspi.kz танымал финтех-сервисі мобильді қосымшаға қатысты қатаң шектеулер енгізді. Бұдан былай жүйеде тек қазақстандық телефон нөмірімен тіркелуге болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







