Пәкістан астанасы Исламабадтағы шииттер мешітінде 6 ақпан күні болған жарылыс салдарынан кем дегенде 31 адам қаза тауып, 170-ке жуық адам жарақат алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оқиға жұма намазы кезінде болған. Полицияның мәліметінше, шабуыл жасаған жанкешті мешітке кіре берісте тоқтатылған кезде жарылғыш затты іске қосқан. Дегенмен куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен қауіпсіздік күштеріне оқ атып, кейін ғимарат ішінде жарылғыш белбеуін іске қосқан.
Қазір жарылыс орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің біразы ауыр халде. Исламабадтағы ауруханалардың бірінде төтенше жағдай жарияланғанын жергілікті Dawn басылымы хабарлады.
Соңғы жылдары Пәкістанның шекаралық өңірлерінде экстремистік ұйымдар белсенділік танытып келеді. Олардың ішінде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы шииттерге жиі шабуыл жасайды. Айта кетерлігі, шииттер Пәкістан халқының шамамен 20 пайызын құрайды. Дегенмен мұндай лаңкестік әрекеттер ел астанасы мен ірі қалаларда сирек кездеседі.
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

