Таиландтағы Кхао-Яй ұлттық саябағында туристі піл таптап өлтірді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оқиға таңғы сағат 05:30 шамасында болған. 69 жастағы турист кемпинг аумағында серуендеп жүрген кезінде орман шетіндегі пілмен бетпе-бет келген.
Куәгерлердің айтуынша, піл кенеттен ер адамға шабуылдап, оны тұмсығымен көтеріп, жерге лақтырып, таптап кеткен. Басқа туристер қауіпсіздік мақсатында араласпаған. Ер адам өз шатырынан 20 метр қашықтықта оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға туралы хабар жеткен соң ұлттық саябақ қызметкерлері мен полиция келіп, пілді кемпинг аумағынан алыстатқан.
Медициналық тексеру нәтижесінде марқұмның аяқ-қол сүйектері сынғаны және ауыр дене жарақаттары алғаны белгілі болды.
Қайтыс болған адамның кім екені анықталды ол 69 жастағы Джиратхачай Джирапатбуньяторн болып шықты.
Тілшілеріміз Түркияның Оңтүстік Кавказды толық бақылауға алып, Каспий теңізіндегі маңызды энергетикалық ресурстарға ие болғанын талдап жазды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

