Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент жұмысының тәртібіне байланысты маңызды ұсыныстар жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Президенттің айтуынша, жаңа Парламентте депутаттар бес жылға сайланады. Заңдар үш кезеңнен тұратын жаңа процедурамен қабылданады: депутаттар алдымен заң жобасын жалпы мақұлдап, содан кейін енгізілген өзгерістерді қарайды, соңында заңды толық қабылдайды.
– Парламент жұмысын қайта құру арқылы бұған дейін басталған саяси реформаларды жалғастырамыз. Негізгі мақсатымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына сәйкес орнықты саяси жүйе құру, – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, билік институттарының жаңа құрылымы әділетті қоғамның берік негізін қалайды.
– Біртұтас қоғам болып қолға алған Парламенттік реформа ел әлеуетін арттырып, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жеделдетеді. Мемлекет басшысы ретінде бұған толық сенімдімін, – деп қорытындылады Президент.
Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болатын болды, мұны Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

