Президент Тоқаев цифрландыру саласындағы жетістіктер туралы көлдей есептердің растығына күмән келтірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі жасанды интеллект және цифрлық даму саласына жауапты министр Жаслан Мәдиев мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Министрдің айтуынша, қазақстандық жасанды интеллект модельдерін бүгінде шамамен 600 мың адам қолданады.
Алайда…
Тоқаев министрдің сөзіне күмән келтіріп, нақты жауап талап етті.
Президент пен министр арасындағы қысқа сұхбат:
– Қазір KazLLM қанша адам қолданып жүр өзі? – деп сұрады Тоқаев.
– Біздің деректерге сай, 600 мыңнан астам адам.
– Ал ChatGPT ше?
– ChatGPT-ді әлем бойынша жүздеген миллион адам қолданады.
– Қазақстан бойынша қалай?
– (аз-кем кідірістен кейін) Пайдаланушылардың шамамен 13 пайызы ғой деймін.
– Осыны нақтылаңызшы. Ал отандық AItu мессенджерінің қолданушылары қанша?
– Қазіргі уақытта 700 мың шамасында, миллионға жуық.
– Мұны да тексеру керек. Отырыңыз.
Мәдиев не дейді?
Сала басшының айтуынша айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан бойынша 1900 ауыл оптикалық-талшықты интернетке қосылады. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жолдардың бойы байланыс инфрақұрылымымен толық қамтылады.
«Қазақстан Темір Жолы» арқылы жүретін жолаушыларға интернет енді барлық негізгі бағыттарда қолжетімді болмақ. Тұңғыш рет ел азаматтары отандық әуе компаниясының бортында да интернет қолдана бастайды.
Қазіргі кезде елімізде жасанды интеллект саласында мемлекеттік тілге басымдық беретін, жергілікті ерекшеліктерді ескеретін арнайы экожүйе қарқынды дамуда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

