Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ол осыған байланысты ол бұған дейінгі атқарған қызметінен босатылды.
Ал осы уақытқа дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Руслан Сұлтанұлы Желдібай қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Айбек Смадияров бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды. Ол аталған қызметке былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын.
Бұдан бөлек, Айбек Смадияров 2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл лауазымға алғаш рет 2018 жылы тағайындалып, 2019 жылы Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.
Ал 2023 жылғы маусымнан бастап Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.
Айтпақшы, атышулы «Kazakh Invest» тағы сүрінді. Ашуға мінген Бектенов инвесторлардың тағдырымен ойнауды доғаруды талап етіп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

