Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері күтпеген жерден әріптестерінің қолына түсті, деп жазады Ertenmedia.kz.
17 ақпан, сейсенбі күні облыстық прокуратура ғимаратының алдында, автотұрақта прокурордың қолына кісен салынды. Оны Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Белгілі болғандай, прокурор 10 миллион теңгені алған сәтінде ұсталды. Әзірге оның бұл қомақты қаржыны не үшін алғаны белгісіз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері істің құпиялығына байланысты мән-жайды жария етпеді.
Ақтөбе облысының прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Айтпақшы, Алматыда гүл әкелген курьердің оғаш әрекеті жұрттың ашуын туғызып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

