Алматы облысы Қарадала өңірінің тұрғындары ел өміріндегі тарихи маңызды күнді ерекше форматта өткізуді ұйғарды. Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумға жергілікті тұрғындар ерекше дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен келіп, азаматтық белсенділіктерін көрсетуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аудан аумағындағы әрбір дауыс беру учаскесінде халықтың белсенділігі жоғары екені анық байқалады. Солардың ішінде «Қарадала орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері өздерінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарын нақты іс-әрекетпен көрсетті.
Орман шаруашылығының ұжымы Шонжы ауылындағы Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектептегі дауыс беру учаскесіне бір адамдай келіп, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс бергеннен кейін олар мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды. Бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып, тұрғындардың қызығушылығын тудырды.
Шараға қатысқан Қарадала орман шаруашылығы мекемесінің басшысы Айдос Адабайұлы бүгінгі күннің тарихи маңызын атап өтіп:
– Бұл күн мемлекетіміздің болашағын айқындайтын күн. Халқымыз Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын қабылдау үшін жұмылып, ортақ таңдауын жасап жатыр. Президентіміздің осындай маңызды мәселені халықтың талқысына ұсынып, елдің еркіне тапсыруы – аса көреген қадам. Ал ағаш отырғызу – бір жағынан экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен азаматтық белсенділікті арттыру болса, екінші жағынан болашақ ұрпаққа бүгінгі тарихи күннен ескерткіш қалдыру. Бүгін отырғызылған ағаштар ертең мәуелі бәйтерекке айналып, көлеңкесінде келешек ұрпақ тыныстап, демалатын болады. Біз мемлекетіміздің тамыры тереңге бойлап, берік, қуатты болуын қалаймыз. Сол тілекпен 30 түп ағаш отырғызуды жөн көрдік», – деді ол.
Мектеп директоры Берікбай Атагелдиев те орманшылардың бастамасына шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Ол мектеп ұжымы ағаштарды мұқият күтіп-баптап, жайқалтып өсіретіндеріне сендірді.
Қарадала орман шаруашылығының бұл акциясы аудан тұрғындары арасында үлгі болып, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Шараның арқасында ауданның тарихи білім ордасы маңында енді мәңгілік ескерткіш ретінде 30 түп ағаш жайқалатын болады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







