Бүгін Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы мұнайшылар республикалық референдумға белсенді қатысып, өндіріс орындарында дауыс беріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аудан аумағындағы мұнай-газ саласында еңбек етіп жүрген жұмысшылар үшін дауыс беруге арнайы жағдай жасалған. Осылайша олар өндірістік үдерістен қол үзбей-ақ азаматтық таңдауларын жасауда.
Өңір экономикасының тірегі саналатын мұнай саласының қызметкерлері таңғы уақыттан бастап дауыс беруге келіп, ел болашағы үшін маңызды науқаннан тыс қалмайтындықтарын көрсетті. Көптеген жұмысшылар ауысым арасындағы уақытты тиімді пайдаланып, азаматтық борыштарын орындады.
Өндіріс орындарында сайлау үдерісінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуі үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Дауыс беру учаскелері тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сайлау комиссиялары мен бақылаушылар жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып жатыр.
Мұнайшылардың айтуынша, ел өміріндегі маңызды саяси науқандарға қатысу – әрбір азаматтың парызы. Сондықтан олар жұмыстың қарбаласына қарамастан, референдумға қатысып, өз ұстанымдарын білдіруде.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







