Көптеген жүргізушілер қауіпсіздік белбеуінің сигналын өшіру үшін арнайы муляждарды пайдаланады. Бұл құрылғылар көліктің электронды жүйесін алдап, сіздің қауіпсіздік белбеуін таққаныңызға сендіреді. Алайда бұл тәсілдің қаншалықты қауіпті екенін жүргізушілер түсіне бермейді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Белбеуді тақпай жүру жол апаты кезінде ең ауыр зардаптарға әкелетін әрекет. АҚШ-тың Ұлттық жол қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметінше, тек 2017 жылдың өзінде ғана қауіпсіздік белбеулері шамамен 15 мың адамның өмірін құтқарған. 2023 жылғы статистика бойынша, жол апатынан қаза тапқандардың 49%-ы белбеу тақпаған болып шықты. Мұндай сандар қауіпсіздік белбеуінің маңызын анық көрсетеді.
Қауіпсіздік белбеуі сізді апат кезінде орныңызда ұстап, соққының күшін төмендетеді. Әсіресе, қауіпсіздік жастықшалары (Airbag) іске қосылғанда, белбеу тағылмаған жағдайда адамға ауыр жарақат немесе өлім қаупі туады. Сол себепті әлемнің көптеген елдері белбеуді міндетті түрде тағуды заңмен бекіткен.
2025 жылы Малайзия қауіпсіздік белбеуінің муляжын сатуға және пайдалануға тыйым салды. Мұндай шешім сауалнама нәтижесінде қабылданды – жүргізушілердің тек 12,9%-ы ғана осы муляждарды пайдаланған.
Қазіргі таңда АҚШ-та бұл құрылғыларға нақты тыйым салынбағанымен, қауіпсіздік белбеуін міндетті түрде тағуды талап ететін заңдарды бұзуға әкеледі. Жол камерасы арқылы жүргізушінің муляж пайдаланғаны анықталса, айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Қауіпсіздік белбеуінің муляждарын пайдаланудың салдары ауыр екенін есте сақтау керек. Бұл тәсіл сіздің өміріңізді қатерге тігуі мүмкін. Оның орнына көлік ішіндегі қауіпсіздікті арттыратын пайдалы гаджеттерді пайдаланған жөн: мысалы, шинаны үрлеуге арналған USB-насостар немесе жолда төтенше жағдайларда қолдануға болатын жарықдиодты шамдар.
Өміріңіздің қауіпсіздігі әрқашан сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Айтпақшы, Жамбыл облысы Жуалы ауданында енесінің атынан жасырын түрде онлайн несие рәсімдеген әйелге қатысты сот үкімі шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







