Қазақ мұнайының негізгі экспорттық бағыты саналатын Каспий құбыр желісіндегі тасымал көлемі осы айда күрт азайып, желтоқсандағы болжамнан шамамен екі есеге төмендеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Bloomberg-тің дерегінше CPC Blend маркалы қазақстандық мұнайдың тәуліктік экспорты қазір 800-900 мың баррельге дейін түсіп кеткен. Бастапқы жоспар бойынша, қаңтарда 45 танкер жөнелтілуі тиіс болса, трейдерлер кем дегенде 21 партиядан бас тартқан. Бұл ма, бұл жағдай әлемдік нарыққа бірден әсер етіп, CPC Blend маркасының баррель бағасы Dated Brent эталонынан 1,2 долларға дейін қымбаттады. Әдетте мұндай премия 60-80 цент аралығында болатын.
Әмірикалық басылымның мәліметінше, тасымалдың бұлайша шектелуіне бір емес, бірнеше фактор әсер еткен.
Украина? Желтоқсандағы дрон шабуылынан кейін бір айлақ құрылғысы толық істен шықса, екінші құрылғы әлі де жоспарлы жөндеуде тұр. Қара теңіздегі жиілеп кеткен дауылдар жұмысты одан әрі қиындатып отыр.
Қазір КТК резервуарларында бос орын қалмаған, сол себепті өндірушілерден құбырға мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған. Бұрынғы көлемдегі экспортты жалғастыру үшін Астанаға кемінде толық жұмыс істейтін екі айлақ керек, үшіншісі төтенше жағдайда қолдануға сақталады.
Анықтама
КТК Қазақстанның мұнай экспортындағы негізгі күретамыр. «Елімізде тәулігіне өндірілетін 1,8 миллион баррель мұнайдың жартысына жуығын ғана басқа жолдармен экспорттауға мүмкіндік бар. Сондықтан КТК терминалындағы іркіліс ұзаққа созылса, үкімет мұнай өндірісінің көлемін амалсыздан қысқартуы мүмкін», дейді осы тұста қаржы сарапшысы Айбар Олжай.
Бұған дейін әлемжеліде Каспий құбыр желісін бомбылап жатқан Киевті қолдағандарға қарсы қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.
«Украин дрондарының шабуылы Қазақстанды ай сайын жарты миллиард доллар табыстан қағып, Ұлттық қорды шығынға батырып жатыр», деген болатын Ertemedia-ға пікір білдірген депутат Айдос Сарым.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

