Әлеуметтік желіде «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидың ұсталғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Желідегі мәлімет бойынша, Айбек Ерғалиды Жетісу облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстаған.
«Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Айбек Ерғали өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте табиғи газ тарифтері туралы айтқан еді.
Оның мәліметінше, Жетісу облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен тариф бойынша 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап халыққа сатылатын газ бағасы 1 текше метрге 45,37 теңге (ҚҚС есебімен). 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының 16%-ға өсуіне байланысты баға 46,99 теңге болып белгіленген.
Брифингтен үзінді 20 қаңтарда QazaqGaz Aimaq филиалының Instagram парақшасында жарияланды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

